"Айналайын балапан" балабақшасына қош келдіңіздер
Негізгі ақпарат
Атауы | Сипаттама |
МДҰ атауы | Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Айналайын балапан» балабақшасы |
Оқу тілі | Қазақ, орыс |
Ұйымның түрі | Жекеменшік мекеме |
Жұмыс уақыты | Балабақша 5 күндік жұмыс уақытымен жұмыс істейді, сағ 8:00 ден 18:30 дейін |
Кезекші топ | Ата-аналардың ыңғайлығы үшін балабақшада кезекші топтың жұмыс уақыты:сағ 07:45 ден 19:00 дейін |
Қосымша ақпарат | Ыңғайлы үлкен спортзалы Хореография залы Шығармашылық қол-өнер залы Табиғат бұрышы Жаздық бассейн Робототехника |
Байланыс сымтетігі | +7 7252 46- 11 -67; +7775 6962524, 87026014621 |
Электрондық адресі | ainalaiyn2012@mail.ru |
Толық мекен-жайы | Шымкент, 4 ықшам ауданы,7,8 участкелері |
Балабақша басшысы:
Аты-жөні,тегі: Канаева Азия Асылбековна
Қызметі: меңгеруші
Жасы: 03.08.1985 ж.
ЖСН: 850803402527
Санаты: Екінші
Жалпы еңбек өтілімі: 14 жыл
Басшы қызметіндегі еңбек өтілі: 10 жыл
Балабақша туралы мәлімет:
«Айналайын балапан» балабақшасы балаларға өзінің есігін 2012 жылдың шілде айында қуана ашты.
Жалпы сыйымдылығы:180 бала
Балардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, балабақшада 8 топ жұмыс жасайды:
2 кіші топ 2-3 жасқа дейін - қазақ, орыс тілінде оқыту
2 ортаңғы топ (3-4 жасқа дейін) - қазақ, орыс тілінде оқыту,
2 ересек топ (4-5 жасқа дейін) - қазақ, орыс тілінде оқыту
2 мектепалды даярлық топ (5-6 жасқа дейін) - қазақ, орыс тілінде оқыту
Балабақша ұраны: «Бар жақсылық- балаларға!»
Балабақшаның мақсаты және міндеті:
Балаларды қорғау, тәрбие беру және оқытумен қатар,олардың дене, психикалық денсаулығын нығайтуына көмек көрсету, баланың тұлғалық,эмоциялық,әлеуметтік және зияткерлік дамуына қолайлы жағдай жасау.
Бізде тәлім алатын балалар белсенді,тәуелсіз, өзінің ойын ашық және нық білдіре алады. Мектепке оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды жақсы игерген түлектер.
Оқу бағдарламасы туралы мәлімет:
Балабақшада білім беру Қазақстан Республикасының «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына» сәйкес, «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасына» және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына» сәйкес ұйымдастырылады.
Балабақшаның басымдылық бағытының негізі : балалардың дене белсенділігі және көркемдік эстетикалық талғамын дамыту. Денсаулық білім саласынан бөлек, балабақшада спорттық үйірме жұмыстары жүргізіледі.Үйірме жұмысы кәсіби жаттықтырушымен арнайы спорттық залда өткізіледі. Бізде жан жақты толыққанды іс-қимыл, есті қимыл іс-әрекеттерін оңтайлы дамыту үшін жағдай жасалған. Балабақшада баланың өнерге деген қызығушылығын барынша қолдап,ынталандыру үшін әйгілі «Би таңы» би мектебінің хореографтары жұмыс жасайды.Балалардың бейнелеу өнер туындыларын қабылдау мен түсінуін дамыту үшін шығармашылық үйірмесі де бар.
Кадрлық сипаттама: Балабақшада білім беру процесін тиімді ұйымдастыру үшін, балалардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз ету үшін балабақшада 8 тәрбиеші, ағылшын, қазақ тілі және орыс тілі мамандары, тәрбиеші-психолог, логопед,дене шынықтыру жаттықтырушысы, бейнелеу өнерінің маманы, хореограф жұмыс жасайды.
Тамақтану және медициналық көмек:
Балабақша қызметкерлері балалардың денсаулығына аса зор мән береді:олардың иммунитетін көтеруге ат салысып, балалардың ауруға аз шалдығуына көп мүмкіншілік жасайды. Ол үшін: талаптарға сәйкес ас мәзірі, фито-профилактика, күн тәртібінің дұрыс орындалуы, топтардағы температуралық режимнің дұрыс сақталуы,топтарды кварцтеу,шынықтыру жатығулары жүргізіледі.Біздің бағыттың дұрыс екендігі –
ата-аналардың пікірлерінен байқалады.
Материалды-техникалық база Ән-саз залы, спорттық зал, шығармашылық қол-өнер залы,логопед пен психолог кабинеттері. Балабақшаның ойын алаңы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жабдықталған.Спорттық алеясы бар.
Өткізілетін іс-шаралар
«Ашық есіктер күні», «Күз сыйы», «Балабақшаның туылған күні» «Мектепке шығырып салу», «Аналар мерекесі», «Әз Наурыз», «Жаңа жыл!», «9 маусым», «Күлкі күні», «Балаларды қорғау күні»
Біздің үндеуіміз:
Құрметті ата-аналар! Біздің балабақшаға сенім артқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Біз балалардың белсенді, көңілді ,елгезек болғанын қалаймыз! Балаларға қолайлы әрі ыңғайлы жағдай жасауға әрдайым дайынбыз!