Тәжірибе жұмысы «Сабынның молекулалық құпиясы» "Бәйтерек" тобы
Тәжірибе жұмысы
Тақырыбы: «Сабынның молекулалық құпиясы»
"Бәйтерек" тобы
Тәрбиеші: Оразова Камшт Жумадиловна
Мақсаты: Тәжірибе жасау арқылы сабын көпіршіктері туралы түсініктерін кеңейту. Табиғат сырларын танып білуге баулу. Зерттеу әрекеттерін, құралдарды ұқыптылықпен ұстау дағдыларын қалыптастыру.Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету. Өз беттерімен және бірігіп жұмыс істеуге қарым - қатынастарын қалыптастыру.
Түрі: Жанартау,мықты сабын, сабынмен жылжитын қайық.
Көрнекі құралдар:
Жанартау-Жанартау макеті,сұйық сабын, су, ас содасы,сірке су, түрлі-түсті бояулар.
Мықты сабын- Фарфор тәрелке, қатты сабын және су.
Сабынмен жылжитын қайық-Қатты картоннан қиылған қайық, ыдысқа құйылған су және сұйық ссабын.
Сөздік жұмыс: тәжірибе, зерттеушілер.
Билингвальды компонент: Зертхана-лабаратория,жанартау-вулкан, сабын- мыло, көпіршіктер- пузыри, қайық-лодка.
Ұйымдастыру сәті: Балалар шеңбер бойына келіп тұрады.
-Қане, балалар! Бүгінгі көңіл-күйіміз қандай?
-Қане, ендеше бір-бірімізге каүліп, жақсы көңіл күйімізбен бөлісейікші.
-Балалар, сендер қонақ келгенді жақсы көресіңдерма?
-Қараңдаршы,бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Ендеше келген қонақтарымызға таңғы сәлемімізді жолдайық!
Білер қазақ баласы,
Сәлем-сөздің анасы
Топқа келген қонақтарға
Әрдәйім әдеппен
Ақкөңіл, ізетпен
Біздер сәлем береміз.
-Ал, енді сендермен тағы бір адам сәлемдеспекші. Кім екенін білгілерің келема? Ендеше мен сендреге бір жұмбақ жасырып көрейін,жауабы арқылы сол адаммен таныс боламыз.
Жұмбақ
1.Кір киімді қалайды,
Өзі кірді жалайды.
Суға түссе шомылып,
Дақты жояр талайғы.
2. Кірге суда кезігеді,
Сүйкенем деп езіледі? (Сабын)
-Жарайсыңдар, балалар! Сабын бізге не үшін керек?/Тазалық үшін.
-Балалар, бұл Тазалықшы ата.Сәлемдесесіп аламыз.
-Қалай ойлайсыңдар? Тазалықшы ата бізге нені үйретеді? Сабынмен дұрыс жуынуды.
-Біз не үшін, күнделікті қолымызды сабынмен жуамыз?
-Сабын қауіпті микробтарды өлтіреді. Содан біз ауырмаймыз.
-Балалар, Тазалықшы ата сендерді өзіне қонаққа шақырғысы келеді. Қалай ойлайсыңдар? Ол жақта біз не көруіміз мүмкін?
-Тазалақшы ата өзінің сабынды зертханасына шақырып, бізге сабынның құрамын қалай зерттеуді үйретпекші.
-Балалар, зерттеуші деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Ал, зертхана деген сөз ше?
-Олар не істейді?
-Әрине,зерттеушілер зертханада тәжірибе жасайды.
-Ал, сендер тәжірбие жасауды ұнатасыңдарма?
-Ендеше арнайы киімдерімізді киіп алып, №1 зерттеу кабинетіне барамыз. Келіңдер отырыңдар.
Жұмбақ
Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздер
Карточка №1 «Көз» белгісі.
-Айтайықшы ,бұл белгі нені білдіреді?/ Біз көзімізбен көре аламыз.
Яғни біз, нелерді көріп тұрмыз?/Тауларды...
Балалар, бұл таудың атауы «Жанартау» екен.
Жанартаудың жерастынан қалай пайда болатынын зерттеп, сол бойынша тәжербие жасалынады. Ол үшін-сұйық сабын,су,бояу,ас содасын балалар мөлшермен салып,соңында тәрбиеші сірке суды тамызып шығады.Нәтижесінде жанартаудан түрлі-түсті көпіршіктер атқылайды.
Карточка №2 «Мұрын» белгісі.
-Бұл қандай қызмет атқарады? (Сабынды иіскей аламыз)
-Сабынды иіскеп көреміз. Біз нені сезіп тұрмыз?(Иісті.)
(Сабынның иістерін сұрау)
-Қандай сабын жағымсыз иіс береді? (Кір сабын.)
-Жарайсыңдар, балалар! Бұл зертханада «Мықты сабын» деген жазуды жазыпты.
-Сендер қалай ойлайсыңдар? Алдымыздағы сабын ауырма, тарелке ауырма? Зерттеп,салыстырып көрейікші.
(балалар тәрелкені аударып, ыдыстағы сабынға кішкене су құйып, сулы сабынды терлкеге қояды. Нәтижесінде сабын тарелкеге жабысып, балалар сабынмен тәрелкені сабынмен көтереді.
Жұмбақ:
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер.
Карточка №2 «Қол» белгісі.
-Қолдарымыз қандай қызмет атқарады? (Ұстай аламыз)
-Ендеше, үстелдегі қайық пен сабындарды қолымызбен ұстап көреміз, қатты және сұйық екнін айтады.
-Балалар, сендердің алдарыңдағы ыдыстың ішінде не бар деп ойлайсыңдар?(Су)
Енді біз сабынмен жүзетін қайыққа тәжірбие жасап көреміз.
(картоннан қиылған қайықты суға салып,балалар саусақтарын сұйық сабынға батырып,қағазға тигізгенде,қайықтар жылжиды)
Бола білсең төзімді,
Тап-таза етер өзіңді
Тазалықтың досы,
Сабын деген осы.
-Міне осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Сендерге Тазалықшы аталарыңда қонақта болған ұнадыма?(Әрине)
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер.



