Тәжірибе жұмысы «Сабын жасап үйренейік!» "Балдырған" тобы » «Айналайын» бөбекжай балабақшасы»
Шымкент қаласы
Абай ауданы
"Айналайын-балапан" бала бақшасы"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 601-46-21
Есепші бөлімі:
+7(702) 601-46-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2019

Тәжірибе жұмысы «Сабын жасап үйренейік!» "Балдырған" тобы

Т      

Тәжірибе жұмысы

    Тақырыбы:  «Сабын жасап үйренейік!»

    "Балдырған" тобы 

    Тәрбиеші: Амирова А.Б.

Мақсаты:Сабақ барысында балалардың сөздік  қорын байыту,ойлау қабілеттерін дамыту.Тәжірбие жасау  арқылы сабын   туралы   түсініктерін  кеңейту.Табиғат сырларын  танып білуге баулу,зерттеу әрекеттерін,құралдарды  ұқыптылықпен ұстау дағдыларын  қалыптастыру. Өз беттерімен  және бірігіп жұмыс істеуге  қарым-қатынастарын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілі:Практикалық,(тәжірбие,ойын эксперимент)

Қажетті  құрал   жабдықтар:сабынның   негізі,микротолқынды пеш,кескіш,әртүрлі пішінді қалыптар,бояулар,өсімдік майлары,пластмассалық ыдыс.

Сөздік жұмыс:  тәжірбие.

Билингвальді   компонент: зерттеуші-лаборант,сабвнның   негізі-мыльное осново,бояулар- краски.

Ой  қозғау:

 Шаттық  шеңбері

Балалар  бір-бірімізге жақсы тілектер тілеп,күнмен,жермен,достарымызбен     

  Сәлемдесіп   алайықшы.

  Қайырлы таң   көк  аспан,

  Қайырлы   таң  жер  ана.

  Қайырлы   таң  достарым,

  Сендерді   көрсем  қуанам!

-Қайырлы таң!

-Доброе  утро!

-Good morning!

Ұйымдастырушы  қозғаушы кезең

Балалар  біз   бүгін сабын  туралы жасаған тәжірбиемізді  жалғастырамыз                                          

   Дос бол сабын  сумен   сен,

   Жиі-жиі   жуын  сен.                                                                                                                      

    Таңертең  де кеште де,

   Жуын   күндіз  кешке де.

Міне  балалар біз   күнделікті  жуынатын  кезде қолданатын  сабынды бүгін   өз  қолымызбен,түрлі пішінде әрі пайдалы етіп  жасау жолдарымен  танысамыз және  өзіміз жасаймыз.

Балалар ең  алдымен   зерттеуді  бастамас  бұрын біз   қауіпсіздік  ережелерін  еске   түсіреміз.

Қауіпсіздік   ережелері:

 1.Сабынды тек   үлкендердің  қатысуымен  жасау   керек

 2.Жұмыс бастамас бұрын,жұмыс  үстеліміздің   бетіне тек қажетті  заттарды қалдырамыз.

 3.Сабын   қайнату үшін ас дайындамайтын   ыдысты аламыз.

 4.Ыстық   сабын  дененің  ашық   жеріне  тиіп  кетпеуін   қадағалаймыз.

 5.Кескішпен,қайшымен,пешпен жұмыс жасағанда  өте  сақ   болуымыз керек.

 6.Балалар   өз  бетінше  сабын   жасамау  керек,ол  өте  қауіпті.

Міне  балалар осы   қауіпсіздік  ережелерін  есте   сақтаймыз.

Ал  олай   болса балалар,бізге  ғажайып  сабын   жасау  үшін:

  1.Сабынның   негізі

   2.Пішіндер

   3.Өсімдік   майлары,иістендіргіштер

   4.Этиль   спирті

   5.Сабынды   еріту үшін керамикалық  ыдыс

   6.Еріген   сабынды араластыратын қасық

   7.Үккіш немесе  кескіш

 Жұмыс  барысы:

   1.Сабын   негізінің  бір  бөлігін алып,кескішпен  бірдей   бөліктерге бөліп кесеміз.

   2.Кесілген   сабынның негізін  микротолқынды пеште  керамикалық  ыдысқа   салып,30 секундтық  режимге  қойып ерітеміз.Негіздің  еруін   мұқият  бақылаймыз.Бір жылытқан соң, жақсылап  қозғап  аламыз,толық   ерімеген  жағдайда тағы  15 секундқа пешке  саламыз.

    3.Еріген негізге өсімдік  майын,бояғыштарды қосып  қозғаймыз,араластырамыз.

    4.Толық   араласқан негізді,әдемі пішіндерге   құямыз.

    5. 30минутқа  салқын   жерге қойып суытамыз,мұздаған   сабынды  пішіндерден аламыз. 

Нәтижесінде  бізде түрлі түсті, әдемі  иісті,түрлі пішінді,пайдалы,өз  қолымызбен   жасаған  сабындар  шықты.

 Жетекші  жөндеуші:

-Сендерге  бүгін   жасаған  тәжірбиелерің  ұнады ма?

-Сұрақ-жауап бойынша  қорытындылау,бекіту.

Балалар  сұрақтарға   жауап  береді.

Мен бәрін  көрдім , есте   сақтадым.

Мен бәрін өзім істедім,мен білдім-деп  қайталайды.

Күтілетін  нәтиже

   Нені   білу  керек:тәжірбие  жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесін

   Түсінеді:Тәжірбие   көмегімен сабынды өз қолымен   жасау  жолдарын

   Игерді: зерттеу   әрекеттерін,құралдарды   ұқыптылықпен ұстау дағдыларын,өз бетінше ойын жеткізуді,қорытынды шығаруды.