Тәжірибе жұмысы «Сабын көпіршіктері» "Балауса" тобы
Тәжірибе жұмысы
Тақырыбы: «Сабын көпіршіктері»
"Балауса" тобыТәрбиеші: Дидар Жансая
Мақсаты: Сабақ барысында балалардың сөздік қорын байыту, ой қабілеттерін дамыту. Тәжірибе жасау арқылы сабын көпіршіктері туралы түсініктерін кеңейту. Табиғаттытанып білуге баулу. Зерттеу әрекеттерін, құралдарды ұқыптылықпен ұстау дағдыларын қалыптастыру.Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.Өз беттерімен және бірігіп жұмыс істеуге қарым қатынастарын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілі: Практикалық (тәжірибе- ойын, ойын-эксперимент)
Көрнекі құралдар: Көрнекі суреттер,сабын түрлері, ыдыстағы су, сүлгілер,
түтіктер
Сөздік жұмыс: тәжірибе, зерттеушілер.
Билингвальды компонент: сабын-мыло, көпіршіктер- пузыри,
Шаттық шеңбер:
-Балалар таңмен ерте тұрғанда алдымен нені көреміз?
-Ендеше, табиғатпен сәлемдесіп бір- бірімізге жақсы тілектер тілейікші.
Сәлем Күн,
Сәлем Жел,
Сәлем Жер
Сәлем саған туған ел!
-Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр. Себебі, тобымызға бүгін қонақтар келді.Ендеше қонақтармен сәлемдесейік.
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз!
-Балалар, қараңдаршы біз тақтадан не көріп тұрмыз?
-Біз тазалық құралдарын яғни тазалықтың достарын көріп тұр екенбіз.
-Тазалық құралдары қандай қызмет атқарады?
-Мен сендерге жұмбақ жасырайын ,мұқият тыңдаңыздар.
Дымқылдап күнде сен ,
Қолыңа сүйкейсің.
Кетіп кір, ласың
Тап-таза боласың
Сабын туралы білгілерің келе ме?
-Олай болса балалар, ең алдымен қауіпсіздік шараларын еске түсірейік.
Қауіпсіздік ережесі.
-Үлкеннің рұқсатынсыз орыннан тұрып жүруге;
-Құрал- жабдықтарды ұстауға;
-Ауыз, мұрын, құлаққа танымайтын затты апаруға болмайды;
-Балалар енді үстеліміздегі сабынды алып қараймыз.
- Оның түсін көріп тұрмызба?
-Неше сабын көріп тұрмыз?
-Енді біз сабынды иіскеп көрейік.
-Иісі қандай?
-Екі сабынның иісі екі түрлі екен. Біреуі хош иісті, екіншісі жағымсыз. Хош иісті сабынмен денемізді бетімізді қолымызды жуамыз. Ал, жағымсыз иіс шығарған сабынмен кір жуады екенбіз. Ол кір сабын екен.
Сурет бойынша сабын туралы мәлімет беру.
Қол жуу ережесімен таныстыру.
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға бетін жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің, маңдайың.
Балалар менің қолымда «Сабындыкөпіршік құтысы» бар қараңдаршы? Ал, ішіндегі суы төгіліп қалған екен. Сол суды өздерің жасап көргілерің келе ме? Олай болса үстел үстіне жақын келеміз.
1 тәжірибе.
Таза суға сұйық сабынды құямыз және араластырамыз. Түтікшемен үрлейміз.
Барлығымыз көпіршікті қолымызға алып зерттеп, оны сипаттайық. (ыдыстағы көпіршік суды зерттеу)
-Мынау не?
-Түсі, қандай?
-Көпіршік ауыр ма, әлде жеңіл ме?
-Мына көпіршіктердің ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
-Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар.
Билингвальды компонент:
сабын- мыло, көпіршіктер- пузыри,
-Балалар сабының екі түрі болады .
Бірі- қатты сабын, екіншісі- сұйық сабын.
-Мына ыдыстағы судың көпіршіктері сұйық сабыннан пайда болған екен
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш
Бір, екі, үш
Отырамыз тып-тыныш. Ғажайып сәт
Аю кіреді
Балалар сәлеметсіңдерме?
Мен сендерге әкеле жатқан сыйлығымды жерге түсіріп, кірлетіп алдым. Сендер көмектесесіңдерме?
Ойын: Кір жуу
Сабындаған кезінде,
Ашытады көзіңді.
Бола білсең төзімді,
Тап-таза етер өзіңді.
Тазалықтың досы,
Сабын-деген осы
(Жуып болған соң сүлгіге қолдарын сүртеді)
Ақ мақтадай түгі бар
Қызыл-жасыл гүлі бар
Жұмсақтығы мамықтай
Сүртінесің жалықпай
Тазалықтың досы
Сүлгі- деген осы.
-Көпіршіктер неден пайда болады екен?
-Сендерге бүгін жасаған тәжірибелерің, жалпы оқу іс-әрекеті ұнады ма?
Сурет бойынша қорытындылау, бекіту.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:Сабынмен жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесін;
Түсінеді: Тәжірибе көмегімен сабын көпіршіктері қайдан пайда болатынын ;
Игереді :Құралдарды ұқыптылықпен ұстау дағдыларын ; өз бетінше өз ойын жеткізуді, қортынды шығаруды.



