31
март
2022
Мектеппен сабақтастық жоспары 2018-2019 оқу жылы
Посмотреть онлайн файл: mekteppen-sabatasty-2018-2019.pdf
Мектеп пен балабақша сабақтастығы жоспары бойынша №78 мектепке балабақшамыздың ересек тобының тәрбиеленушілерімен саяхат жасадық. Балалар мектептің бастауыш сынып оқушыларының сыныбымен танысты. Мектептегі асхана, спорт залы, компьютер сыныптарын көріп танысты. Асхана кең, таза. Оқушылар мектепке ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Мектептегі спорт залында арнайы баскетбол, волейбол, жүгіру алаңдары ұйымдастырылған. Заманауи тұрғыда ұйымдастырылған компьютер сыныптарын көріп, балалардың қызығушылығы артты. Балаларға саяхат ұнады, естелікке суретке түсіп, шат- шадыман көңілмен, ерекше бір қуанышпен есте қаларлықтай әсерге бөленді.


