01
апрель
2022
Мектеппен сабақтастық жоспары 2017-2018 оқу жылы
Посмотреть онлайн файл: mekteppen-sabatasty-2017-2018.pdf
Мектеп пен балабақша сабақтастығы жоспары бойынша №78 мектепке наурыз айының 1 күні саяхат жасадық. Балалар мектептің бастауыш сынып оқушыларының сыныбымен танысты. Мектепте барлық бөлмелер оқу және қосымша бөлмелер деп екі топқа бөледі. Оқу немесе негізгі бөлмелерге сабақ жүретін кабинеттер, сынып бөлмелері, спорт залы, шеберхана, физика және химия пәндерінің лабораториялары бар. Қосымша бөлмелерге әкімшілік және балалардың денсаулығын сақтауға қажетті дәрігер кабинеті мен алғашқы жәрдем көрсету бөлмесі, методикалық бөлме, асхана, буфет, кітапхана, мектеп музейі, оқушылар мен мұғалімдердің демалыс орындары т. б. кабинеттері бар. Мектеп ғимаратындағы оқу бөлмелері,сынып бөлмелері мен кабинеттер кең коридор арқылы бір-бірімен жөне оқушылардың демалыс бөлмелерімен жалғасады. Балаларға саяхат ұнады, естелікке суретке түсіп, шат- шадыман көңілмен,ерекше бір қуанышпен есте қаларлықтай әсерге бөленді.


